Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Ерасыл» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
8(72637)35-5-18
+77774323214
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 18-наурыз "Ұлттық киімдер күні" құтты болсын!
18
март
2025

18-наурыз "Ұлттық киімдер күні" құтты болсын!

Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлекдамбалжелеткекәзекей; сырт киімдерге: шапанкүпікеудешетоншидем; сулық киімдерге: шекпенқаптал шапанкебенек кенепсырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішікжанат ішікқасқыр ішіккүзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұғамәуітіүш топ барқытатласкөк беренманатқырмызыторғынләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив