Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Ерасыл» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
8(72637)35-5-18
+77774323214
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алғысым шексіз сіздерге"атты аудандық байқау
28
февраль
2019

"Алғысым шексіз сіздерге"атты аудандық байқау

Жақсы сөз айту, жақсылық жасау, әр бір адамның міндетті. Әрине, жылдың бір күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сыйқырлық бар — олар арқылы біздер бір бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз, рахмет сөзін айту — адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері- адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден бір амалы. Бастысы, алғысымыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген ,ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Менде алғыс айтуға асығайын. Баршаңызға алғысым шексіз.

Алғысым шексіз сіздерге
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен  келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив