Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
«Ерасыл» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
8(72637)35-5-18
+77774323214
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бір тұтас тәрбие аясында "еңбегі адал-жас өрен"жобасын жүзеге асыру бағытында "Күз сыйы"атты жәрмеңке. Құлыншақ кіші тобы
15
октябрь
2024

Бір тұтас тәрбие аясында "еңбегі адал-жас өрен"жобасын жүзеге асыру бағытында "Күз сыйы"атты жәрмеңке. Құлыншақ кіші тобы

Тақырыбы: "Күз сыйы"
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілімен ұштасады. Әр жыл мезгілдерінің өзіне тән қасиеттері бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа,бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп,  өз сұлулығымен таң қалдырып, тірі жандардың жүрегінен орын алады. Сол мезгілдердің бірі- алтын күз,  табиғатымызды сары жапырақтарымен сәндеп, қоңыр салқын ауа-райымен кенелтеді. Қырман басы тазаланып, бау-бақша жиналып, молшылықтың, байлықтың, берекенің болатын уақыты. Осындай күз мезгілінің кереметін балаларымызға насихаттау барысында "Құлыншақ"кіші тобының ата-аналармен   бірлесе отырып  15 қазанында «Күз сыйы » тақырыбында жеміс-жидектер, көкөністерден жасалған көрме ұйымдастырды. Көрмеге ата-аналар,тәрбиешілер өз қолдарынан жасалған шығармашылықтарын паш етті.Көрме жоғары деңгейде өткізілді. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив