"Бір тұтас тәрбие бағдарлама аясында"өткен "Әжелер мектебі"жоспарына
Тақырыбы: "Ұр тоқпақ"ертегісі. Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болып, тұзақ құрып күнін көреді екен. Бір күні шал тұзағын келіп қараса, бір қаз түсіп қалыпты. Шал қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты: – Сен мені босат! Менен не сұрасаң, соны бір жылдан кейін ал,– дейді. Шал мақұл көріп, қазды босатып қоя береді. Үйіне келіп, жаңағыны айтса, кемпірі шалға ұрсады. Шал: – Қой, сен түк білмейсің!– деп, сөзін тыңдамай, жүре береді.